ЕҢБЕК ЕРІНІҢ ҚЫЗДАРЫ…

Әлеуметтік желіде тұрақты түрде «Архив-тарих қазынасы» атты фото-құжаттар көрмесін жалпақ жұртшылыққа таныстыру арқасында қала, облыс жұртшылығы қызығушылық танытып келе жатыр. Фейсбук парақшасынан өтіп жатқан көрме туралы көріп, Социалистік Еңбек Ері Петр Терентьевич Гончаровтың қызы Наталья Петровна Гончарова мен Социалистік Еңбек Ері Махамбет Бекбергеновтың қызы Әлима Махамбетқызы Бекбергеновалар келді. Екеуі де Еңбек Ерлерінің қызы. Жамбыл қаласының дамуына, гүлденуіне аянбай тер төккен жандардың ұрпақтары. Еңбегімен елге танылғандар туралы қысқаша жеке-жеке тоқталайық.

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

П.Т.Гончаров 1953-1994 жылға дейін «Джамбулхимстрой» СУ-3 тресінің құрылысшыларының бригадирі, Жаңа Жамбыл фосфор зауытының құрылысы үшін 1979 жылы оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілген. М.Бекбергенов 1962 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Жамбыл жылу электр станциясының (ЖЭС) құрылысында слесарь-жөндеуші болған. Олар өздерінің әкелері туралы естеліктерімен бөлісіп, сол кезеңдегі Жамбыл қаласындағы құрылыстың қарқын алып дамуы жөнінде әсерлі әңгімелерін ортаға салды.