ЕЛБАСЫ ҮНДЕУІНЕ ПІКІР

image_pdfimage_print

“Қоғамның басты байлығы -адам денсаулығы”

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлескен ел бәрін жеңеді» атты мақаласымен жете таныстым. Онда еліміздің ең басты байлығы адам денсаулығы мен өмірі екендігі баса айтылған. Халқымыз денсаулық –зор байлық деген. Ұлт денсаулығы мемлекет қауіпсіздігінің кепілі. Олай болса еліміздің әрбір тұрғыны қазіргідей қиын кезде өз денсаулығының қауіпсіздігін сақтаған дұрыс. Бұл бағытта жүргізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстарын мұқият тыңдап, ережелерін есте ұстау ләзім.

Осынау қиын күндері көмекке аса мұқтаж қарт адамдарға, ардагерлерге, көп балалы аналарға, әл-ауқаты төмен отбасыларға қол ұшын созып, көмегін аямай жатқан кәсіпкерлерге халық ризашылығын білдіруде. Халқымыз ертеден «бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң жауыңа найзаң тисін» деген нақылды осындайда айтса керек.

Елбасы небір қиын-қыстау күндерде ешқашан намысын бермеген, қашанда бірлігі бекем, пейілі кең, құшағы ашық, бауырмал халқымыздың ізгі қасиеттерін еске сала отырып, мемлекет бұл қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды және тиісті шараның барлығын атқаратынын, еліміздің ешбір азаматы қамқорсыз қалмайтынын айтты. Біз – бір тұтас ел бірлігі берік жұртпыз. Төле би бабамыздың «Төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген аталы сөзін естен шығармай, қиындықты бірлесе жеңіп, қуанышты күндерге жетейік!

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет,
архивтер және құжаттама басқармасы
басшысының орынбасары С.Мадиева

 

You may also like...