Химия саласындағы тұңғыш социалистік еңбек ері

Сартай Есімханов

Биыл Жамбыл облысының құрылғанына 80 жыл толып отыр. Бұл тарихи кезеңді кімдер қалады?! Оның жасаушылары кімдер?! Екі мың жыл мен 80 жылдың арасы жермен көктей. Алайда 80 жыл бұрынғыны жазу, не болғанын нақты айтудың өзі де қиындықтар туғызады. Себебі, көз көрген адамдардың қатары сиреген.

Жамбыл облысының тарихы Қазақстан тарихының құрамдас бөлігі. Ел тарихындағы 80 жылда басынан өткерген кезеңдер жамбылдықтардың да есінде. Ұлы Отан соғыс жылдары, тың және тыңайған жерлерді игеру, Жамбыл өңіріндегі өнеркәсіп салаларының жаңадан құрылып, оны аяқтандыруға сүбелі үлес қосқан азаматтар, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жанын қиған қаһармандар, Отанына еңбегімен елеулі болған азаматтар облыс тарихын, ел тарихын қалады. Олардың есімін ұлықтап, еңбегін паш ету, келер ұрпаққа Отан үшін еткен еңбегін үлгі етіп насихаттау біздің азаматтық борыш.

Әдетте Социалистік Еңбек Ерлерін айтқанда қызылшашы Дариға Жантоқова, Мәрзия Ибрагимова, Сындыбала Оңбарбаевалар, шопан Жазылбек Қуанышбаевтың есімдері еске бірден түседі. Олардың өз салаларында көрсеткен ерліктеріне дау келтіре алмаймыз. Бірақ Жамбыл облысынан 300-ге жуық Социалистік Еңбек Ерлері бар екенін біз білеміз бе?!
2003 жылы Алматы баспасынан шыққан «Жамбыл облысының энциклопедиясында» Жамбыл облсынан шыққан Социалистік Еңбек ерлерінің тізімі берілген. Онда олардың саны – 256. Алайда мұрағат құжаттарына сүйенетін болсақ олардың саны – 269. (399-қор, 2-тізімдеме,293-бума, 2466-іс, 294-бума, 2490-іс). Бұл энциклопедия тізіміне облыс экономикасының тірегі химия саласында еңбек ететіндер арасында тұңғыш социалистік еңбек Ері атағын алған Сартай Есімхановтың да есімі енбей қалған.

Жамбыл облысы одақтық республикалардың ішінде химия өнеркәсібінің негізгі ошағы саналды. Сондықтан да бұл салада еңбек сіңірген азаматтар да аз емес еді. Алайда Жамбыл облысынан мыңнан тұлпар оза шыққан, ерен еңбегі үшін химия саласында Социалистік Еңбек Ері атағын алған жалғыз қазақ азаматы – Сартай Есімханов болатын.
Сартай Есімханов 1931 жылы Жамбыл қаласының маңындағы Айша бибі ауылында шаруаның отбасында дүниеге келген.

Жамбыл облысының экономикасында ерекше орын алатын химия саласында еңбек етіп, Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Ол 1952 жылы Жамбыл қаласындағы Абай атындағы педагогикалық училищені бітіргеннен кейін Талас және Жамбыл аудандарының мектептерінде аға пионер вожатый, бастауыш мектептерінің мұғалімі қызметтерін атқарды. 1955 жылы комсомолдық жолдамамен Жамбыл қаласындағы суперфосфат зауытына жұмысқа жіберілді. Міне, осы кезден бастап оның бүкіл саналы өмірі химия өндірісін дамытуға бағытталды.

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

1955 жылдан бастап облыстағы химия өндірісінің қара шаңырағы суперфосфат зауытында үзіліссіз еңбек етті. Зауыттың ең шешуші буындарында жұмыс істеп, жаңашылдығымен рационализаторлық ұсынысымен, екпінді еңбегімен ерекшеленді. 1974 жылы оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. КПСС XXIV-съезінің, ВЦСПС-тың XVI-съезінің делегаты, облыстық, қалалық партия комитеттерінің мүшесі болып сайланған. СССР кәсіподақтар орталық советінің мүшесі болды. Жамбыл облыстық советінің депутаты болып сайланды. Зейнетке шыққаннан кейін жастарды кәсіптік еңбекке баулу саласында жұмыс істеді. Оның 4 ұл-қызы әке жолын жалғастырып «НОДФОС» химия зауытында еңбек етуде.