КОНСТИТУЦИЯ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

image_pdfimage_print
КОНСТИТУЦИЯ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ
Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің көрме залында Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Конституция – тәуелсіздіктің тірегі, бейбітшіліктің нышаны» тақырыбында стенд-көрме әзірленді. Мұнда Қазақстан Республикасының Конституциясынан үзінділер, Конституция туралы деректер, қазақ даласының Ата заңы туралы ақпарат берілді. Көрме архивке келушілер мен архив қызметкерлерінің назарына ұсынылды.
Біздің республикамыздағы Конституциялық реформа Қазақстанның жаңа Конституциясына бүкіл халық дауыс берген 1995 жылғы 30 тамыздан бастау алады. Міне, сол мерзімнен бері ширек ғасыр уақыт өтті. Осы уақыт аралығында қабылданған Конституция мемлекетіміздің іргетасына айналып, оның дамуына ықпал етті.
Мерекелік айтулы күнге орай облыстық архивте жыл сайын Ата Заңымызға қатысты көрмелер тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады. Осы жолы да салттан жаңылмай шағын бұрыш орнаттық. «Конституция – тәуелсіздіктің тірегі, бейбітшіліктің нышаны» деп аталатын көрмемізде Тәуелсіздіктің нығаюына, Ата Заңымыздың елімізде салтанат құруына өзіндік таңбасын қалдырып, өлшеусіз үлес қосқан Елбасының, Президент Қ.Тоқаевтың суреттері қойылған. Тәуелсіздікке дейіңгі 1926,1937, 1993,1995 жылғы Конституция тарихы мен Заңның 9 бөлімі туралы жазылып қойылған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған