Ленинград блокадасы

27 қаңтар – Ленинград қаласы блокададан толықтай босаған күн. Тарихқа көз жүгіртсек, 1941 жылдың 8 қыркүйегінде басталған Ленинград қаласының фашистік блокададан азат етілуі 1944 жылдың 27 қаңтарына дейін созылған. Салдарынан, қоршауда қалған қаладағы әскерлер мен халықты азық-түлікпен жабдықтау мәселесі қиынға соғып, әр адамға тәулігіне берілетін нанның мөлшері 120-250 граммға дейін төмендеген. Ладога көлі мұзы үстімен автокөлік жолы арқылы қажетті қару-жарақ, азық-түлік т.б. тасылды. Жау Ленинградты қаншалықты ұзақ қоршағанымен ержүрек қорғаушылардың арқасында қалаға басып кіре алмады. Ленинград қаласын жаудан азат ету ұрыстарында жергілікті партизан отрядтары да орасан зор көмек көрсеткен. Бұл ұрыста жаудың елуге жуық дивизиясы талқандалған. Осылайша, Ленинград қаласы тек 1944 жылдың 27 қаңтарында ғана қоршаудан азат етілді. Қоршау кезінде 1,5 млн адам қаза тапқан көрінеді.

Ақпарат мына сайттан алынды: http://www.kostanaytany.kz