Мәдениет – өмір өзегі

Мәдениет пен өнер ешқашанда тақыр жерде тумайды. Ол алдыңғы толқынның өнерін жалғастыру арқылы дамиды. Жоғарыда аты аталған өнер иелерінің қай-қайсысы туралы болса да ұзақ ой толғауға, олардың шеберліктері мен тапқырлықтары туралы аңыз әңгімелер айтуға болады. Ықыластың қобызынан туған «інгенді идірген» күйлері, Кененнің «аспанда бозторғайды қалықтатқан» әндері, Бөлтіріктің тапқырлығы, Майкөттің қиыннан қиыстырып айтар жырлары, тамағына бұлбұл ұя салған Ұлбикенің жырлары көп-көп ой толғауға бастайды. Қазақтың биік өнері айтыскерлікті шыңға шығарған Жамбылдың өнерін жалғастырған Сауытпек пен Мырзабайдың жылға созылған айтысына тоқтау айтқан Майкөт ақынның араағайындылығы туралы аңыздар да жеткілікті. Мұның бәрі қазақтың кеудесінде ән-жырдың орнығуына, күйдің күмбірлеуіне, соның нәтижесінде рухтары асқақтап, жан-дүниесі кемелденгені сөзсіз.

Совет билігі аз ұлттардың мәдениеті мен өнерін, әдебиетін алғашқы жылдары дамытуға айтарлықтай назар аудармады. Олардың өнер қазыналарын мойындағысы да келмеді. Тәуелсіздік елімізде салтанат құрғанға дейін 1864 жылы Әулиеатаны орыс империясы басып алғаннан кейін өңірде барлық бағытта даму болды деген саясатты ұстанған билік нақты мысалдар келтіруге әуес болды. Мәселен 1897 жылғы дерек көздерінде Әулиеата өңірі халқының 2,6 пайызы ғана сауатты болды деген деректер келтіріледі. Сол жылы Әулиеата қаласында жасы қырықтан асқан білімді 139 ер, 11 әйел болыпты. Бүкіл уезде бір ғана жоғары білімді адам өмір сүрген. Бүкіл қалада бір ғана кітапхана жұмыс істеген. Халықтың көп жиналатын сауықтыру орталығына жоғары таптың өкілдері ғана бара алатын. Онда олар карта ойнап, ішімдік ішіп, анда-санда билейтін. Өздерінше бұл іс-шараны «халықтық жиын» деп атаған. Сол жылы қалада үш шіркеу, жиырма бір мешіт және ішімдік, тамақ сататын 30 арнаулы орын болған.

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

Архив құжаттарында1913 жылы уездегі үш кітапханада 1900 кітап болса, бұл көрсеткіш жылдан-жылға өскен. Ал 1915 жылы уездегі 55 мектепте 3331 оқушының білім алуына 90 мұғалім жұмыс істеген.

Қоғамның басты байлығы адам екені бесенеден белгілі. Сондықтан да қандай заман, қоғам болмасын ең алдымен адамның жандүниесін байытуға нығайтуға баса көңіл бөлген. Кемел адам ғана қоғамды дамыта алады. Ал кемел адамды қалыптастыру үшін оның рухани байлығын толықтыру қажеттілікке айналды. Бұл істе театрдың ықпалы ерекше. Түркі әлемінде бұл рухани байлық қандай дәрежеде дамығаны туралы деректер шамалы. Ал көне грек, рим мәдениетінен қалған ескерткіштер театрдың сол өңірде дамығанын көрсетеді.
Ұлы Дала ұрпақтары үшін театр сахнасы кең жазира болғаны анық. Бір өзі бір театрдың, филармонияның рөлін атқарған өнерпаз аталарымыз бен апаларымыз аз болмаған. Совет билігі Еуропа мәдениетін игере отырып, адамның жандүниесін жақсылыққа тәрбиелеуді орталықтандыру бағытындағы жұмысты үнемі назарда ұстады.
Совет билігі орнаған алғашқы жылдардың аласапыран кездерін айтпағанда, колхоздастыру кезеңінен бастап Қызыл отаулардың маңыздылығын арттырды. Мұрағат құжаттарында 1918 жылдары Әулиеатада Қызыл отаулардың қызметін мешіттер атқарғаны туралы деректер өте көп. Қазақтың біртуар азаматы 1917 жылы наурыз айында Меркіде жастардың «Бұқара» одағын құрғанда ең алдымен олардың басты міндеттері ретінде базарлар мен мешіттерде үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді міндеттегені белгілі. Ал бір жылдан кейін Әулиеата уездік комитетіне қызметіне келгенде де осы жұмысты кең ауқымда жүргізген.

1918 жылы Әулиеата қаласында Карл Маркс атындағы партиялық клуб жұмыс істеген. Қазіргі Пушкин көшесінде орналасқан дәріханада орын тепкен бұл клуб өңірдегі мәдени-көпшілік жұмыс жүргізудің орталығы болды. Осы жерде совет билігі жөнінде лекциялар мен баяндамалар жасалып, концерттер ұйымдастырылып, хор және драма коллективтері өз өнерлерін көрсететті. Қалада Нұрхан Ешмұхамедов басқарған театр-концерт тобы жұмыс істеді. Кейінірек бұл азамат Өзбекстан өнеріне еңбек сіңірген қызметкер атанды. Шын мәнінде осы топ Әулиеата өңірінде мәдениет пен өнердің дамуына ықпал жасады.

#gallery-2 { margin: auto; } #gallery-2 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 100%; } #gallery-2 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-2 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

Халықтың сауаттылығын ашуда өшпес еңбек еткен Аблановтар әулетінің мәдениетті, әдебиетті, өнерді дамытуға қосқан үлесі ұшан-теңіз. Тарихи құжаттарда олардың бірі Сыдық Абланов Әулиеата өңірінде ғана емес, бүкіл қазақ даласында сауатсыздықты жоюға белсене араласып, театр, драматургия саласын дамытуға ерекше үлес қосқан. 1916 жылы «ақ патшаның» жарлығымен майданға алынған ол революция бесігі деп саналған Петербургта революценер, лениннің сенімді серігі Яков Свердловпен танысып, сол кісінің жолдамасымен Ташкентте жұмыс істеп жүрген Тұрар Рысқұловқа келіп, Әулиеата өңірінде халықтың санасын көтеру бағытында жұмыс істеу бағдарламасы бойынша еңбек етті. Кейінірек ол Қазақ ССР-нің астанасы Қызылордаға көшіп кеген кезде осында ашылған театрға арнап пьесалар жазды. Оның «1916 жыл», «Күндеспейтін қатын», «Екіталай» деп аталатын пьесаларын қазақтың тұңғыш режиссері Жұмат Шанин сахналады. Аблановтар әулеті туралы айтқанда Сыдықтың бауырлары Ізбасар жастардың сауатын ашуына, саяси жұмыстарға белсене араласуына бастаса, Әмір 1936 жылы Әулиеата қаласында ашылған театрдың алғашқы әртістерінің бірі болды. Ал Мәлике Абыланова қыз-келіншектердің сауатын ашуға, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуына бастай білді. Ол өңірде қазақ қыздарының арасынан алғаш шыққан комсомол жетекшісі.

Шын мәнінде совет билігі РСФСР-дың құрамына кірген елдердің өнері мен мәдениеті жаңа даму жолына түсуін 1930 жылдардан бастады. Оны мына көрсеткіштерден-ақ байқауға болады. Ұлы октябрь социалистік революциясының 10 жылдығында Әулиеата өңірінде 36 клуб мекемесі және 7 кітапхана жұмыс істеді. Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің 399 – қорының 1-тізімдемесінің, 1119-ісінде 1939 жылы Жамбыл облысы құрылғанда өңірде 1496 орындық 8 кинотеатр, 340 кісілік драма театры болғаны және 50 мыңнан ғана асатын кітап қоры бар кітапханалар жұмыс сітейтіндігі айғақталған. Клубтар да, драма театры да оңтайлындырған ғимараттар болатын.

Облыс құрылысымен билік бұл саланы жедел дамытуды қолға алды. 1940 жылы облыста он аудандық, он селолық кітапханалар мен 127 оқу залдарында 114 мың кітап қоры болды. 9 аудандық клуб жұмыс істеді. Ал 1970 жылы облыста 1185 мәдениет және өнер мекемелері болса, олардың құрамында 749 кітапхана, 422 клуб, облыстық халық творчетво үйі, тарихи өлкетану музейі, қазақ және орыс драпма театры, облыстық филармония, бес мәдениет және демалыс саябағы, 10 халық театры жұмыс істеді.