«Мейірімділіктің бастауы анадан»

image_pdfimage_print

Мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 8 наурыз «Халықаралық әйелдер» мерекесіне орай әр салада еңбектері лайықты бағаланған «Достық», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған аңыз аналар туралы «Мейірімділіктің бастауы анадан» атты көрме өткізілді. Көрмеге Тараз қаласындағы №23, №31 орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысып, фото суреттермен, жеке тектік құжаттармен танысып, арнайы дайындалған видеороликті тамашалады.

Сонымен бірге, архив қорындағы құнды құжаттармен және құжаттарды сақтау, қалпына келтіру, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сияқты архив саласының жұмыстарымен таныстырылып, ғимарат бойынша экскурсия жүргізілді.

 

You may also like...