Бүгін мекемемізде қызметкерлердің кәсіби біліктілігін бағалау мақсатында аттестациялау рәсімі өтті. Бұл процесс әр қызметкердің атқарып жатқан міндетіне сәйкестігін анықтап, болашақтағы кәсіби даму бағытын айқындауға мүмкіндік береді. Аттестация ашық, әділ және талапқа сай түрде ұйымдастырылып, қызметкерлер өз білімдері мен тәжірибесін ортаға салды.
Мекеме басшылығы барлық қатысушыларға сәттілік тілей отырып, кәсіби шеберлікті арттыру жолындағы еңбектеріне жоғары баға берді.