Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердегі құжат айналымы

«Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімі 2019 жылдың 19 ақпанында «Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердегі құжат айналымы» тақырыбында Жамбыл облыстық, аудандық аумақтық сайлау комиссияларына семинар өткізді.

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

Семинардың күн тәртібіндегі құжаттама жасау тәртібі және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар, істер номенклатурасын ресімдеу, істерді қалыптастыру, ресімдеу, Ұлттық архив қорының құжаттарын (тұрақты)    мемлекеттік архивке тапсыру   туралы бөлім басшысы М.Саурықова түсіндірді. Барлық Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысы Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сүйеніп жұмыс жасайтыны айтылды. Осы қағида бойынша істер номенклатурасы не үшін қажет, оның ресімделу тәртібі туралы және осы номенклатура бойынша істердің дұрыс қалыптастыруы айтылды.  Слайд бойынша құжаттардың ресімделуі, істер номенклатурасының, Сараптау комиссиясын бекіту туралы бұйрығының, істер тізімдемелерінің, кіріс, шығыс құжаттарын тіркеу кітабының үлгілері көрсетілді.