МЕРКІНІҢ БАТЫР ҰЛАНЫ

image_pdfimage_print

 

 

 

 

МЕРКІНІҢ БАТЫР ҰЛАНЫ
(ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСУШЫ ҚАЙСАРБАЙ ЫДЫРЫСҰЛЫНЫҢ ӨМІР ЖОЛЫНАН ҮЗІНДІ )
Меркі ауданының мемлекеттік архивінде сақтауда тұрған жеке тектік қорынан, Ұлы Отан соғыс ардағері Қайсарбай Ыдырысұлының өмірбаянынан қысқаша мағлұмат берудің артықтығы болмас.
1922 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданы (бұрынғы Қорғаты болысының 9-шы ауылында) қазіргі Тәтті ауылының Қарасу елді мекенінде дүниеге келген.
1940 жылы Тәтті ауылындағы 7 жылдық мектепті бітіріп, 1941 жылдың желтоқсан айында Қызыл әскер қатарына шақырылды. Маршл Рокоссовский К.К. және Жуков Г.К. басқарған 1-ші белорусс майданының жауынгері. Беларуссия, Украина, Польша, жерлерін азат етуге қатысқан (оның ішінде Пинск, Брест, Львов т.б қалалар). Ұлы Отан соғысын Берлинде аяқтаған жауынгер. Берлиндегі Трептов паркінде Европаны азат етуші Кеңес армиясының жауынгерлеріне қойылған ескерткіштің салтанатты ашылуына байланысты үш одақтас мемлекеттердің қатысуымен өткен әскери шеруге қатысқан 1945 жылы Ұлы Жеңістен кейін оралған
Қайсарбай Ыдырысұлы Ұлы Отан соғысына көрсеткен ерліктері үшін «Отан соғысының 1-ші дәрежелі», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, «Варшавада азат еткен үшін», «Берлин қаласын алған үшін», «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңген үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Кеңес одағының Маршл Жуковтың», т.б. медальдарымен, «Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлік еңбегі үшін», Жеңіс грамотасымен марапатталған. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығы қарсаңында «1941-1945 ж.ж. соғыс ардагері» арнайы белгісі тапсырылды. 2004 жылы шілде айында Ұлы Отан соғысында Белоруссияның фашистерден азат етілгеніне 60-жыл толуына байланысты, Белоруссия Президенті александр Лукашенконың арнайы жіберген алғыс хатын алды. Онда, Президент мырза Белоруссияны азат еткен жауынгерге үлкен алғыс пен ізгі ниетін білдірген. Сондай ақ, Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін «Берлинді алғанға 60 жыл» (2005 ж.), «Совет халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» (2005 ж.), «Совет Одағының Маршалы А.М.Василевский», «Москва түбіндегі Жеңіске 65 жыл», «Москва қорғауына 65 жыл» (2007 ж) мерекелік медальдарымен марапатталған.
Бейбіт күдері Отан алдында сіңірген орасан зор еңбектері үшін «Қазақ ССР-нің ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қызметкері» Құрметті атағына ие болды. (1974 жыл наурыз айы), «Октябрь революциясы» екі мәрте, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «В.И.Лениннің туғанына 100-жыл толуына байланысты», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасына сіңірген ерен еңбегі үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері», «Тыңға 50 жыл», Бүкіл Одақтық Халық шаруашылығы көрмесінің алтын, күміс, қола медальдарымен, екі мәрте Қазақ ССРЖоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен (1961, 1972 ж.ж.), Жамбыл облыстық Маслихатының Құрмет Грамотасымен марапатталды. Жиырма жылдан астам уақыт Меркі аудандық Халық депутаттары Кеңесіне депутат болып сайланды, ұзақ жылдары Меркі аудандық Комунистік партия комитетінің Пленум мүшесі болды.
2001 жылы Меркі ауданының «Құрметті азаматы» атағына ие болды. Еліне, Отанына сіңірген елеулі еңбектері арқасында аудандағы құрметті ақсақалдардың бірі. Меркі аудандық округінде Соғыс және еңбек Ардагерлері кеңесінің төрағасы болып қоғамдық қызмет атқарды.
Жұбайы- Тоқаш Алдабергенқызы он үш бала тапқан Батыр ана, Алтын алқа иегері, зейнеткер.
негізі: Меркі аудандық мемлекеттік архиві.

You may also like...