Наурыз – жаңарудың, жаңғырудың мерекесі!

        Міне, көктемнің ең шуақты мерекесі – Наурыз мейрамы да келіп жетті. Тіршілік атаулының оянып, табиғаттың жандана бастаған сәті. Күн мен түннің теңесіп жыл басы болып саналатын Ұлыстың ұлы күні ертеден тойланып, ата-бабамыздан қалған мереке болып табылады. Әр үйге жаңа үміт пен қуаныш сыйлаған бұл мерекенің қазақстандықтар үшін орны ерекше.
       Наурыз мерекесі – береке мен шаттықтың бастауы болып табылады. Наурыз көптеген түркі халықтарының ұлық мейрамы, жыл басы.
       Наурыз – достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Біздің елімізде дана және салиқалы мемлекеттік саясаттың арқасында халықтар арасындағы бейбітшілік, достық пен өзара түсіністік орнады. Бұл тамаша көктем мерекесі достық, өзара құрмет пен түсіністіктіктің символына айналғандай. «Жаңа Күн» деген мағынаны білдіретін бұл мейрам, өмірлеріңізге жаңа бақыт пен денсаулық, күш пен тыныс, жаңа мүмкіндіктер сыйлай берсін. Наурыз мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!