Қазақстан республикасының парламент мәжілісінің депутаты, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі кіші комиссия жетекшісі берік әбдіғалиұлымен мәдениет және спорт министрлігінің архивтер ісі және құжаттарды басқару комитетінің төрағасы бораш қуат қаһарманұлы облыстық архивте
Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі кіші комиссия жетекшісі Берік Әбдіғалиұлы, Мәдениет және спорт министрлігінің Архивтер ісі және құжаттарды басқару комитетінің төрағасы Бораш Қуат Қаһарманұлы арнайы «Жамбыл облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы ат басын бұрды.
Келген қонақтар алдымен облыстық архивтің мәжіліс залына ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Көрмеде 1939 жылы Жамбыл облысы құрылған күннен бергі облысымыздың тыныс-тіршілігінен сыр шертетін фотоқұжаттар, облыстық архивте жарыққа шыққан кітаптар және арнайы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар» атты көрме-стенд түсіндірілді. Саяси қуғын-сүргін құрбандары және олардың ақтаулы мәселесі қызу талқыға түсті. Берік Әбдіғалиұлы осы өзекті мәселе бойынша жұмыстың бағдарын түсіндіріп, ұсыныстарымен бөлісті.
Мәдениет және спорт министрлігінің Архивтер ісі және құжаттарды басқару комитетінің төрағасы Бораш Қуат Қаһарманұлы облыстық архивтің 2 ғимаратында болып, ғимарат жағдайы, қоймалар мен кабинеттер сыйымдылығы назарға алынды.