“Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын пайдалану” атты семинар.
“Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын пайдалану” атты семинар.
27.05.2022 жылы Алматы қаласы Орталық мемлекеттік архивінде Архив істері және құжаттаманы басқару Комитетінің ұйымдастыруымен «Құжаттарды пайдалану Республикалық шығармашылық зиялылар» форумы аясында “Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын пайдалану” атты семинар өтті. Семинарға республика бойынша аталмыш саланың жетекші мамандары мен мекеме қызметкерлері шақырылған. Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің тарапынан «Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды жариялау» бөлімінің басшысы Зейнуллаұлы Сағындық қатысты.
Іс—шара барысында архив ісі ,құжаттық басылымдар, аудиобейнеқұжаттар және өзге де өзекті тақырыптар бойынша слайд-презентациясылар тыңдалды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің өкілі Қ. Бораш жиын жайлы өз пікірін білдіріп,тілге тиек еткен болатын.
Жиын соңы «Бірыңғай электрондық құжаттар архиві» АЖ-да мемлекеттік қызмет көрсету бойынша таныстыру жұмыстарымен және ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің көрмесімен тәмамдалған болатын.