ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

       Бүгін “Жамбыл облысы мемлекеттік архиві” КММ-сі бас есепшісінің орынбасары Жаназарова Гүлмира Мұратқызы “Байзақ аудандық мемлекеттік архиві” КММ-нің директоры қызметіне тағайындалды.
       Гүлмира Мұратқызы 1983 жылы 2 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2008 жылы Тараз экономика және статистика колледжінің “Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит”, 2013 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің “Экономика және аудит” мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылдың ақпан айынан бастап 2018 жылдың 10 қазанына дейін “Байзақ аудандық мемлекеттік архиві” КММ-де бас есепшінің міндетін атқарса, 2018 жылдан бастап “Жамбыл облысы мемлекеттік архиві” КММ-де есепші, бас есепшінің орынбасары қызметтерін атқарды.
       Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің ұжымы шын жүректен құттықтай отырып, жұмысына табыс, отбасына амандық тілейді.