Рәміздер күні!

 

Қазақстан Республикасының рәміздері алғаш 1992 жылы қабылданып, тәуелсіздігіміздің нышаны болып белгіленді. Ал 2007 жылдың 4-маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданып, осы Заңға сәйкес жыл сайын 4-маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Осыған орай, дәстүрлі түрде Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде 4-маусым күні қызметкерлер Мемлекеттік Гимн орындап, тәуелсіздік нышандарына ерекше құрмет көрсетті.