РЕСПУБЛИКАЛЫҚ IV ЖАС АРХИВШІЛЕР КОНКУРСЫ
Жас мамандардың кәсіби өсуіне ықпал ету, Ұлттық архив қорының құжаттарын әйгілеу және еліміздегі архив мекемелерінің қызметін насихаттау, жас кадрлардың шығармашылық белсенділігін арттыру, архивші мамандығының мәртебесін көтеру мақсатында кезекті дәстүрлі IV республикалық «Жас архившілер» конкурсы Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен онлайн форматта өткізілді.
«ZOOM» форматында өткізілген конкурсқа Жамбыл облысының намысын қорғау үшін Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің қызметкерлері құрамынан жасақталған «Тараз ғибраты» командасы қатысты. Төрт турдан тұратын конкурста архив саласының қызметін танытуда, өңір тарихын тәуелсіздікпен ұштастыра білгені үшін, әділ қазылар шешімімен команда жүлделі II- орынға ие болды.
Жеңіс құтты болсын!!!