РОКОССОВСКИЙМЕН ЖҮЗДЕСКЕН МАЙДАНҒА 114 МЫҢ СОМ ҚАРЖЫ, 12 ҚОЙ ҚОСҚАН Сыздық Сабыралив таластық еді

Мына алдарыңыздағы суреттер баршаңызға таныс. «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты хроникалық кітаптың әр жылдардағы басылымдарында жарияланған. 1-суреттегі төрт адамның ішінен генерал-полковник Константин Константинович Рокосовскийді бірден танисыз. Бұл кісі кейіннен Совет Одағының Маршалы атанды. Даңқты қолбасшыны ортаға алып түскен қос қазақты көріп, оның сырына үңілесіз. Суретте былай жазылған: «Генерал-полковник Рокоссовский майданға 49 вагон сыйлық деткізген Қазақстан делегациясымен осылай жүздесті.»

Ал, оның жанындағы 2-ші суретте мынандай түсінік берілген: «Гвардия полковнигі А.Н.Колесник қорғаныс қорына 114 мың сом және 12 қой үлес қосқан Сабралиевпен жүздесті.»

Бұл жай 1943 жылдың ақпан айының аяғында болған. Соғыс үдеп тұрған 1943-тің басында республикамыздың колзоздары мен МТС мекемелері, кәсіпорын ұжымдары майдандағы жауынгерлерге арнап 49 вагон сыйлық әзірлепті. Орталық Комитеттің ұйғарыммен майданға баратын делегацияның құрамына 16 адам енгізілді. Олар ерен еңбектің озаттары колхозшылар мен жұмысшылардың таңдаулы өкілдері еді. Делегацияны Қазақ ССР Жоғарғы Совтеі Президиумы председательінің орынбасары Шекер Ермағамбетов бастап барады.
Бұл жүк Сталинградқа 15 ақпанда жетеді. ВКП(б) Орталық Комитетінің хатшысы Н.С.Щербаков Қазақстан делегациясын Орталық майданға К.К.Рокоссовскийдің жауынгерлеріне жіберу жөнінде нұсқау береді.

Ертесіне бұлар межелеген жерге жетіп Белгород бағытындағы елеусіздеу бір елдімекендегі Орталық майдан штабында қолбасшымен кездеседі. Қолбасшы қиын кезде көмекке келген қазақстандықтарға ақ жүректен алғысын айтады. Мына суреттер сол кезде түсірілген.
Ал, енді осы делегацияның құрамында болған 114 мың сом қаржы, 12 қой қосқан мәрт қазақ Сабралиев кім? Сыздық Сабралиев Талас ауданы, бұрыңғы «Кеңес» совхозының перзенті еді. 1919 жылы осы даланың ұлдары, жолдастары, жолдастары Қодар Шонтиев, Сылабек Шырынбековпен бірге Ташкенттегі интернационалдық мұсылман батальонына қосылады. Бұларға тікелей Мағаз Масан Чи командалық етеді. Қала мен ауылдарды бүлікшілерден тазартуға қатысады. 1919 жылдың аяғында соғыс комиссары Бәри Шаһабутдиновтің бұйрығымен мұсылман батальоны Алматыға келеді. Көп кешікпей Сыдық, Қодар, Сыпабек Жаркенттегі соғысқа қатысады. Мұнда Қытайдан Қорғас, Қалжас арқылы шабуыл жасағандарға Чанышев соғыс бастады. Жаркенттегі ұйғыр бүлікшілері де қосылды. Ауыр соғыстан соң Жаркент басқыншы бүлікшілерден тазартылды.

Бұрыңғы Қызыларық, қазіргі Көшек батыр ауылының тұрғыны болған ер мінезді қазақ Қодар Шонтиевтің атаман Дутовтың көзін жоюға қатысқан Махмуд Танымовпен түскен суреті мұндаға дейін үйінде сақталды. 1921 жылы олар елге қайтады. Сыдық Сабралиев 1936-1942 жылдары Жамбыл ауданына қарасты «Төрткүл», «Красный партизан» колхозының төрағасы болды.
«Красный партизан» колхозында төраға болып тұрған кезінде жоғарыдағы делегация құрамында майданға барады. Революционер, партия ісіне шын берілген адал азаматқа берілген сенім болса керек.

1948 жылы С.Сабралиев Талас ауданындағы «Жәрдемші» колъхозында, 1949 жылдан 1959 жылға дейін «Жаңа тұрмыс» колхозында төраға болып, зейнеткерлікке шықты. Әрқайсысының өмірі бір-бір дастан боларлықтай осы аяулы үш азамат әбден қартайып барып осы өңірде өмірден өтті.

«Ақ жол» газеті, №62-63, №7 2005 жыл.