СҮЙІНШІ !

Халықаралық педагогтар мен психологтар достастығы академиясының Қазақстан Республикасындағы өкілеттілігінің ІІ-Халықаралық балалар шығармашылығы байқауының «ЖЕҢІС БАЛАЛАР КӨЗІМЕН» атты балалар шығармашылығы байқауында, «Мен бақытты баламын» номинациясы бойынша І-орынды жас өрен Жасұлан Асылұлы Төлеухан жеңіп алды.

Жасұланның қатысуымен түсірілген бейнероликті облыстық мемлекеттік архивтің мамандары әзірлеген болатын. Бейнероликке қатысқан бүлдіршіндер архив саласында қызмет ететін мамандардың ұл-қыздары, немерелері болып келеді. Мұнда кешегі Ұлы Отан соғысында архив қызметкерлерінің де бірінің атасы қан майданда ерлікпен шайқасса, әжелері жеңісті жақындатуға тылда тер төкті. Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан ата-апаларымызға тағзым ретінде түсірілген бейнероликтің аталмыш байқауда жүлде алғаны баршамыздың ортақ қуанышымыз. Еңбектерін жана берсін, әріптестер!