СЕРІК ҚОНАҚБАЕВ ОСЫ ЖАРЫСТА ТАНЫЛЫП ЕДІ!

1975 жылы сәуір айында Жамбыл қаласында бүкілқазақстандық 14-спортакиаданың программасына сай бокстан жасөспірімдер арасында республикалық жарыс өтеді. Оған 250-ден астам былғары қолғап шеберлері қатысады.
Жамбыл облысы бұл дәстүрлі жарысқа мына құрамда шыққан болатын. Б.Жәпенов, М.Құрманбаев, Ф.Садыриев, С.Қонақбаев, М.Қалибаев, Г.Скрябин, Қ.Есназаров, Ж.Өтегенов, Е.Бенкс, С.Жексембаев, В.Афанасьев.
Көп күнге созылған қызу әрі тартысты өткен жарыс барысында жамбылдықтар ерледі. Олар 83/5 ұпай жинап, 1-орынды жеңіп алды. Ал Қарағанды қаласының өкілдері екінші, Алматы қаласының боксшылары 3-орынды иемденді.
Салмақ дәрежелері бойынша Жамбыл облысы жасөспірімдер спорт мектептерінің 9 түлегі жүлдегерлер қатарынан көрінді. Олардың ішінен М.Құрманбавев (48 кг), С.Қонақбаев (52 кг), Ж.Скрябин (60 кг), В.Афанасьев (80 кг) жасөспірімдер арасындағы республикалық жарыстың 1975 жылғы чемпионы атанды. Даңқты боксшы С.Қонақбаевтың ең алғаш осы жарыста керемет ойынымен танылып, келешегінен мол үміт күттіргені анық.

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

Негізі: Жамбыл облысы мемлекеттік архиві.