СТУДЕНТТЕР АРХИВТЕ

image_pdfimage_print

Еліміздің басты байлығы да, болашағы да Қазақстанның жастары. Жұмыс жоспарға сәйкес «Тараз қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен “Архив – болашақ ұрпаққа мұра” тақырыбында ЖОО білімгерлерінің қатысуымен архив қорына жаңадан еңген құжаттарға экскурсия өткізілді. Көрмеге өңір тарихына қатысты құжаттар, мәдениет, білім, денсаулық, өнеркәсіп саласына үлес қосқан жеке қор құраушылардың жеке тектік құжаттары мен тарихи деректері қойылып, насихатталды. Сонымен қатар аса жоғары талғам мен біліктілікті қажет ететін «фотограф» мамандығының иесі Қартабай Алтынбек Болатұлының Тараз қаласына қатысты фото суреттері қойылды.

Келуші студенттер архив туралы өз пікірлерін ортаға салып, ойлары мен алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді. Жалпы қатысушылар саны 30 білімгер.

You may also like...