Төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Халықты рухани азықпен сусындатып отырған мәдениет және өнер қызметкерлері қашанда құрметке лайық. . Өнер атты құдіретті әлемнің әлдиіне бөленіп, жан сарайымызды рухани дүниемен байытып, өмірге деген құштарлығынды арттырады. Күнделікті күйбен тірліктен шаршаңғырап жүргенде жаныңды жадыратып, бойыңды сергітетін өнер атты киелі дүниені сомдайтын шеберлердің өнері қашанда көпшіліктің құрметіне лайық. Жамбыл өңірі – ежелден өнерлі өлке. Мұнда ұлы Жамбылдың шәкірті асқақ үнді Кенен, қыл қобыздың шебері Ықылас, Сауытбек пен Ақбөпе сынды асқақ дарынды шеберлердің ізі жатыр. Бабалардан қалған мұраны одан әрі дамытып өңіріміздің өнер айдынын асқақтатып жүрген өнер шеберлері бүгінде арамызда. Олардың ізбасары жас дарынды өнер шеберлері өсіп келеді.

Құрметті мәдениет және өнер саласының өкілдері! Сіздерді осынау төл мерекелеріңіз мәдениет және өнер күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық шабыт тілейміз.

Облыстық мемлекеттік архивінің жеке тектік қорында осынау өнердің бір топ шеберлерінің жеке тектік құжаты сақтаулы.Олардың арасында А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп өнер шыңына шыққан, сахнада талай басты рөлдерді сомдаған Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі Гүлбаршын Өскенбаева, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі Әтіркүл Дүйсекенова, Қазақстанның Халық әртісі, Құрмет белгісі орденің иегері Мәкен Рахымжанова бар. Облыстың мәдени өміріне елеулі үлес қосқан қадірменді апайларымызды бүгінгі төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!