Теріс діни ағымдар-ел болашағына төнген қауіп

24.07.2019 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  «Теріс діни ағымдар-ел болашағына төнген қауіп»  атты тақырыпта дөнгелек үстел өткізілді.

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің директорының орынбасары А.Тыныбекова дөңгелек үстел басындағы әңгімеге қатысушыларды таныстыра келіп, бұл тақырыптың бүгінгі күні өзекті екенін, діни сауаттылықты көтеру және бөтен пиғылдағы адамдардың іс-әрекетінің алдын кесу аса маңызды екенін айтты. Бүгінгі іс-шарада түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін келген облыс әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлы  діни экстремизмнің және терроризмнің орын алу себептері, оған тосқауыл қою мәселелері жөнінде нақты деректер мен дәйектер келтіре отырып әңгімеледі және  слайд көрсетілді, сұрақтар қойылып, сұрақтарға нақты жауаптар берілді.