«Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық архивтерде қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану тәртібі» тақырыбында мекемелерге семинар

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жылдық жоспарға сәйкес, 2021 жылдың 5 қарашасында сағат 11.00-де және 15.00-де жинақтау көздері тізіміндегі 46 мекемеге семинар-сабақ өткізді. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының архив ісі және құжаттама бойынша нормативтік-құқықтық актілеріне қысқаша шолу, істер номенклатурасын жасау, қалыптастыру және сақтау, ұйым архивінің (ведомстволық) құжаттарын қабылдау, сақтау есепке алу мен пайдалану, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу және оның нәтижелерін ресімдеу тәртібі қарастырылды.
Семинар барысынды қатысушылар тарапынан күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, оған архив қызметкерлерінен қанағаттанарлық жауаптарын алды.