Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҚҰРЫЛҒАН ӘСКЕРИ ҚҰРАМАЛАР» атты көрме

     Биыл Ұлы Жеңістің 77 жылы атап өтілуде. Уақыт өткен сайын соғыс аты алыстағанымен оны зерттеу әлі жалғасып келеді. Осы жылы архив құжаттары негізінде соғыс жылдары біздің өңірімізде құрылған әскери құрамалар жөнінде іс-шара өткізуді ұйғардық.
     Көрмеде облысымызда құрылған 81-ші және 105-ші әскери дивизиялар, сондай-ақ жеке атқыштар және инженерлік-құрылыс батальондары, үш жұмысшы батальоны, бес теміржол ротасы және газсыздандыру отрядының құрылуы, олардың жеке құрамдары мен тарихы туралы мәліметтер қамтылған.