Зерделеу жұмыстары

image_pdfimage_print

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері бойынша Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің бөлім басшысы Сағындық Зейнуллаұлы мен Тараз қалалық мемлекеттік архивінің директоры Нұрхат Серікбаев 29-30 сәуір күндері Шымкент қаласындағы Түркістан облыстық мемлекеттік архиві мен Түркістан облысының қоғамдық саяси тарихының мемлекеттік архивінде іс-сапарда болды. Алдымен Түркістан облыстық мемлекеттік архивінде Сырдария губерниясының атқару комитеті, округтық атқару комитеті және Оңтүстік облыстық атқару комитетінің 1928-1932 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргіндерге қатысты ақпараттармен және Түркістан облысының қоғамдық саяси тарихының мемлекеттік архивінің Сырдария губерниялық, округтік және облыстық партия комитеттерінің құжаттарына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

You may also like...