Жүлделі бірінші орын

image_pdfimage_print
Басқармаға қарасты Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Үздіктер таңдауы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Дәстүрім-қазынам» байқауы өтті.
Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы Ұлттық бірегейлікті сақтау бағыты бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты Тараз қаласындағы мекемелер арасында өткізілді.
Облыстағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты көрерменсіз өткен байқауға басқармаға қарасты 6 мекеме қатысып, «Таныстыру», «Ас атасы – нан», «Кім жүйрік?», «Кім күшті?» атты төрт кезең бойынша бақ сынады.
Жамбыл облысы мемлекеттік архиві атынан шыққан команда әділқазылар шешімі бойынша жүлделі бірінші орынға ие болды.

You may also like...