ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНДЕ КОРОНОВИРУСҚА ҚАРСЫ ЖАСАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР

Короновирустың алдын алу мақсатына мекемеде бірқатар іс-шаралар жүргізілді. Ғимараттағы барлық есіктің тұтқалары хлормен дезинфекцияланған бинтпен оратылып, барлық жұмыс бөлмелері хлорлы ерітіндімен тазаланды. Әжетханаға арнайы антисептикалық сұйықтық орнатылды. Қызметкерлерге маска таратылып, қарапайым тазалық ережелері мен короновирустың алдын алуға бағытталған санитарлық бұрышы жасалды.