“ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТАРИХЫНДАҒЫ НЕМІСТЕР” атты дөңгелек үстел

         1 наурыз – «Алғыс айту» күніне орай Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінде «Жамбыл облысы тарихындағы немістер» атты құжаттар көрмесі ұйымдастырылып, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің “Тарих және география” факультетінің студенттерін дөңгелек үстел басына шақырды.
Бұл іс-шараның мақсаты архив құжаттарын пайдалана отырып, өңіріміздің тарихын зерттеуге жастарды кеңінен тарта отырып, іс-шаралар кешенін ұйымдастыру. Отанға деген патриоттық сезімін ояту, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, архив құжаттарын насихаттау және архив саласының имиджін арттыру, «архивист» мамандығының маңыздылығы мен қызығушылықты арттыру, өскелең ұрпақты ғылыми –зерттеу жұмыстарына тарту болып табылады.