«ЖЕКЕ ТЕКТІК ҚҰЖАТТАРДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫНА САРАПТАМА ЖАСАУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ІСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

image_pdfimage_print

Үстіміздегі жылдың қараша айының 11-жұлдызында «Рухани жаңғыру», «Туған жер», «Ұлы Даланың жеті қыры», «Архив-2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда Алматы қалалық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен карантиндік талаптарды сақтай отырып, «ZOOM» платформалық бағдарламасы арқылы «Жеке тектік құжаттардың құндылығына сараптама жасау және қалыптастыру ісінің мәселелері» атты тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция өткізілді.

Онлайн конференцияны Алматы қалалық архивінің қызметкерлері ашып, жеке тектік құжаттарды қалыптастыру, архивке қабылдау тәртібі, жариялау бағытында, әлемдік тәжірбиенің ұстанымдары жөнінде баяндама оқыды. Іс-шара барысында Алматы қалалық архивінің жетекшілігімен «Жеке тектік қордың әдістемелік нұсқаулығы» атты кітаптың тұсаукесері рәсімі өтті. Конференцияда жеке тектік құжаттарды ғылыми тұрғыда жүргізу, жинақтау, сақтау, қор құрушының өмірбаянын қалыптастыру және т.б жеке тектік қорды қалыптастыру ісіндегі түйткілді мәселелер жөнінде сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.

Іс-шараға ҚР Президенті архиві, Орталық мемлекеттік архиві, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің басшылары мен қызметкерлері және Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің Құжаттарды сақтау және есепке алу бөлімінің басшысы Ж.Есентаева мен Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды жариялау бөлімінің басшысы С.Зейнуллаұлы қатысты.

You may also like...