Жемқорлық-індет, жою-міндет

10.04.2019 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жемқорлық-індет, жою-міндет» атты тақырыпта дөнгелек үстел өткізілді. ҚР Қызмет Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің жетекші маманы- Тұрмаханбетов Данияр Жанатбекұлының архив қызметкерлеріне жеткілікті деңгейде жемқорлықпен күресудің жолдарын түсіндірді. Жемқорлық орын алған жағдайда заң органдарына хабарлап, тиісті инструкция бойынша әрекет етудің жолын түсіндірді. Мемлекеттік қызметкерлер арасында пара бергенде және оны алғанда қатаң жазаға тартылатындығын еске салды және сол туралы слайд көрсетілді.