«Жемқорлықсыз-қоғам жарқын болашақ»

image_pdfimage_print

09.06.2020 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазіргі карантин жағдайына байланысты «Жемқорлықсыз-қоғам жарқын борлашақ» атты тақырыпта «Zoom» бағдарламасы арқылы «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жамбыл облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Омаров Дауренмен онлайн түрде дөңгелек үстел өткізілді. Жемқорлық орын алған жағдайда заң органдарына хабарлап, тиісті инструкция бойынша әрекет етудің жолын түсіндірді. Мемлекеттік қызметкерлер арасында пара бергенде және оны алғанда қатаң жазаға тартылатындығын еске салды және нақты деректер мен дәйектер келтіре отырып әңгімеледі. Архив қызметкерлері дөңгелек үстел басындағы әңгімеге қызу араласып, өздерін толғандырып жүрген мәселелер жөнінде ой бөлісіп, сұрақтар қойылып, сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

You may also like...