Жинақтау көзі тізіміндегі мекемеге әдістемелік көмек беру

Қазан айының 18-20 күндер аралығында мекеменің 2021 жылдық жоспарына сәйкес Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімінің қызметкерлері Г. Кулибаева мен А. Айтенованың көмегімен жинақтау көзі тізіміндегі «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құжаттарына ғылыми-техникалық өңдеу жұмыстарын жүргізді.