ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК ШЫҚҚАН ҚАЛАМГЕР-АРХИВШІ

image_pdfimage_print
         Қазақ халқының көрнекті классик жазушысы Сайын Мұратбековтің 85 жылдық мерейтойына орай әңгіме жанры бойынша «Жусан иісі» деген атпен жазушыларға арналған республикалық байқау жарияланған болатын.
         Барлығы жүзге тарта қаламгер қатысқан осы байқауда «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» КММ директоры, белгілі жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы бірінші жүлдеге ие болды. Көсемәлі Сәттібайұлы ағамыз “Армандар алдамайды” деген әңгімесін жолдаған екен. Сайын ағамызша сілтепті. Сілтемесі. https://qalamger.kz/competition/84/writer/13255 Бірден бас бәйгіге лайық дестік. (300 000тг) Онан кейінгі орынды “Шырмауық” деген әңгіме иеленді, – дейді байқауды ұйымдастырушы және Janr Ádebı Klýbyның жетекшісі Есболат Адабосын мырза.
         Бәйге жеңімпаздарын марапаттау Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ ауылында болды. Оған дейін байқау жеңімпаздары мен талдықорғандық жас қаламгерлер Сайын ағаның қарындас-бауырларын ортаға алып Қоңыр ауылына әдеби экспедиция жасады. Мұратбековтердің қарашаңырағы болған үйді көрді, Сайын жүрген көшемен жүрді, ауасын жұтты, асынан дәм татып, құран бағыштады.
Бәйгені Ғалия Сламбайқызы басқаратын С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапханасы мен Janr Ádebı Klýby бірлесіп ұйымдастырды. Бас демеушісі Ескелді ауданының әкімдігі. Белгілі жазушылар «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат пен Алматы облыстық теларнасының директоры Серік Әбікенұлы қазылар алқасын басқарды.
          Жүзден жүйрік шыққан Көсемәлі Сәттібайұлы ағамыздың шығармашылық қуанышын бөлісе отырып, жазарыңыз көбейіп, айтар ойыңыз таусылмасын дегіміз келеді.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған