«Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-сі Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде.

image_pdfimage_print
«Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ (әрі қарай – Ұлттық орталық), 2017 жылы құрылған. Ол еліміздегі сонымен қатар шетелдердегі тарихымызға қатысты көне жазба мұраларды жинаумен, сақтаумен, көне жазбаларды қалпына келтіріп, ғылыми айналымға қосумен айналысады. Осы мақсатта 15-19 сәуір күндері Ұлттық орталықтан Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы К.Пәрімбекова, Есепке алу, сақтау, көрме және оқу залдарының жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы А.Баймағамбетова Тараз қаласына іс-сапармен келді.
✒️ Олар «Ақпараттық анықтамалық» (Қазақстан тарихы шетел архивтері мен кітапханаларында (XVIII – XX ғ.ғ.)) IX том кітабын және «ULY DALA MURASY» ғылыми-танымдық журналын облыстық мемлекеттік архивімізге табыс етті.
📌 Ендеше, болашақта рухани құндылықтарымызды паш етіп, мекеме қорында сақтаулы тұрған құнды қол жазбаларды қонақтарға кеңінен таныстыруға белсене атсалысамыз.

You may also like...